Чили президенті Германиядан кешірім сұрады

Чили президенті Себастьян Пиньера, Берлинге сапары барысында қонақтарға арналған кітапшада қалдырған жазбасы үшін Германиядан кешірім сұрады.

Пиньера кітапшаға Deutschland uber alles ("Германия бәрінен жоғары") - деп жазып кеткен. Бұл ұран көпшілік үшін нацистік диктатура заманымен байланысты.

Чили президенті, өзінің мектепте оқыған 60-шы жылдары, оларға Германия XIX ғасырда дәл осы ұранмен біріккен деп үйреткендігін жеткізді, дейді  Associated Press агенттігі.