Винокуров Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды

Қазақстандық "Астана" велоклубының жетекшісі Александр Винокуров мексикалық Criterium Vuelta a Chihuahua-2010 жарысында жеңімпаз атанды.

Бұл туралы Sports.kz хабарлап отыр.

4,4 шақырым қашықтықта өткен жарыста Винокуров Энди Шлек пен Самуэль Санчесті басып озып, мәреге бірінші болып жетті.