Пентагон өзіне тағылған айыптарды теріске шығарды

АҚШ әскерилері Ирақ үкіметінің тұтқынға түскендерді азаптаған немесе адамның құқын аяққа таптаған басқа оқиғаларға өздерінің көз жұмып қарағаны туралы айыпты теріске шығарды.

2004-2007 жылдары Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО әскерлерін басқарған АҚШ генералы Джордж Кейси Ирақтағы соғыс қимылдарының барысында, қырылған бейбіт халықтың санын америкалықтардың кемітіп көрсетпегенін мәлімдеді.

Мұндай айыптар өткен жұмада WikiLeaks Интернет-сайтында АҚШ-тың Ирақтағы соғысы туралы 400 мыңдай құпия құжаттың жариялауынан кейін айтыла бастады.

WikiLeaks сайтының ісіне Ирақ үкіметі наразы болды.

Адамның құқын қорғайтын ұйымдар, керісінше, жарияланған құжаттарда келтірілген оқиғаларды тергеуге шақырды.