Ауғанстанда үйдің шатыры қирап 60 адамның өмірін қиды

Ауғанстанның Қызыл жарты ай қоғамының хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Бағлан провинциясында той өтіп жатқан үйдің төбесі құлағанда 60 адам қаза тапты. Тағы жарақат алған 40 шақты адамның көбісі балалар мен әйелдер.

Қызыл жарты ай қоғамының өкілі Абдул Мажидтың айтуынша, шатыр құлағанда той қонақтары үш қабатты үйде болған.