Вашингтон метросын жармақ болған азамат ұсталды

АҚШ-тың Виргиния штатының тұрғыны Фарук Ахмед террористік ұйымға көмектесті деген күдікпен тұтқынға алынды.

Пәкістанда туған 34 жасар америкалық азамат 2003 жылы Нью-Йорк колледждерінің бірін тәмәмдаған. Компютерлік технологиялар инженері мамандығын алған ол американдық компаниялардың бірінде қызмет етеді.

Фарук Ахмед өз сыбайластарын Вашингтон метросының ішкі-сыртқы суреттерімен қамтамасыз еткен. Сонымен бірге терактты жасауға қатысты кеңес берген деп айыпталып отыр. Ол өз сыбайластарының «Әл-Каида» мүшелері емес, Федералдық тергеу бюросының агенттері екенін білмеген.

Америкалық арнайы қызмет басшысының хабарлауынша, соңғы жарты жылда терротистік істерге қатысы бар 60 америкалық ұсталған. Оның ішінде Ахмед Фарук та бар.