Вьетнам астанасында Шығыс Азия саммиті ашылды

Бүгін Ханойда ашылған Шығыс Азия елдері самитіне АҚШ мемлекетік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та қатысып отыр. Ұйымның басты мақсаты - стратегиялық және саяси-экономикалық мәселелер бойынша талқылаулар өткізу.

Шығыс Азия елдері ұйымына Оңтүстік-шығыс Азия елдері ассоциациясына мүше он елмен қатар, Аустралия, Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея мен Жаңа Зеландия кіреді.