Қытайда жалпыұлттық халық санағы басталды

Бүгін Қытайда алтыншы жалпыұлттық халық санағы басталды.

1-10 қараша аралығында 6 миллионнан астам санақшы 400 миллионнан астам үйді аралайды. Әр санақшы 80-100 үйді аралауға міндетті. Осылайша олардың әрқайсысы елдегі 250-300 тұрғын туралы хабар береді.

Қытай билігі осы санақ арқылы елдегі көші-қон, әлеуметтік мәселелер мен елдегі туу деңгейін анықтамақшы. Биыл алғашқы рет ел азаматтары ғана емес, шетел адамдары да саналатын болады.

Қытайда 2009 жылдың соңында 1,334 млрд. халық бар екені анықталған.