Қырғызстан: жаңа парламенттің алғашқы отырысы жұма күні өтеді

Қырғызстан жаңа парламентінің алғашқы отырысы жұма күні өтуі тиіс. Бұл туралы ел президенті Роза Отунбаева өзінің видеоблогында мәлімдеді.

Қарашаның 1-і күні елдің Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының ресми қортындысын жариялады. Парламентке үш оппозициялық және екі «үкіметшіл» партия өтті.

Парламентке өтпей қалған партиялардың жақтастары сайлаудың нәтижесін бұрмаланды мәлімдеп, оны сотта дауламақшы.