Түркі халықтарының І студенттік ойындарында Қазақстан бірінші орын алды

Түркияда түркі халықтарының І студенттік ойындарында қазақстандық палуандар бірінші жалпыкомандалық орын алды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Қазақстанның грек-рим күресі құрамасының жетекшісі Талғатбек Қожамжаровтың жетекшілігімен сынға түскен қазақстандықтар қоржынында түрлі деңгейдегі 5 медаль бар.

Әсет Әділов (74 кг) пен Ерлан Ысқақов (96 кг) алтынға қол жеткізді.

Нұрбек Беркімбаев (60 кг), Шыңғыс Қайырмағамбетов (66 кг) пен Шыңғыс Сыдықов (84 кг) күміс алды.