Қырғыз парламенті жұмысын бастай алмады

Жаңа сайланған Қырғызстан парламентінің өз жұмысын бастауы - сайлау нәтижесінің сотта даулануы салдарынан - белгісіз уақытқа дейін ысырылды. Ол туралы парламенттің баспасөз-қызметі хабарлады.

Өткен дүйсенбі күні Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақырғы нәтижесін жариялаған болатын. Парламентке 5 саяси партия өтті. Алайда партиялардың бірі де басым дауысқа ала алмады. Нәтижесінде партия көсемдері өзара коалиция құруға тиіс.

Парламентке өтпей қалған партиялар сайлау қорытындысын сотта даулап жатыр.