Жамбыл облысындағы өрттен үш балаға иіс тиіп қалды

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында көбқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт болды. Үш балаға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы бүгін елдің төтенше жағдайлар министрілгінен хабарланды.

Сәрсенбі күні күндіз 20 шаршы метрлік жерде өрт болған. Оны сөндіру кезінде, жеті адам құтқарылып тағы 22 адам қауіпсіз жерге көшірілді.