Гуанчжоуда он алтыншы жазғы Азия ойындары басталды

Бүгін қытайдың Гуанчжоу қаласында он алтыншы жазғы Азия ойындары басталды. Қарашаның 12-27 аралығында өтетін додада Қазақстан атынан 341 спортшы бақ сынасады.

Қазақстан құрамасы 245 медаль сарапқа салынатын спорттың 36 түрінен жарысқа қатысады.

Қазақ делегециясы боксер Серік Сәпиевке, ауыр атлет Илья Ильинге, атлет Ольга Рыпакова мен суда жүзуші Владислав Поляковке үміт артып отыр.