Бут Таиландтан АҚШ-қа экстрадицияланды

Таиланд ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, ресейлік қару-жарақ сатушысы деп күдіктелген Виктор Бут Таиландтан АҚШ-қа экстрадицияланған. Оған лаңкестік айыптары тағылып отыр. Полиция мен әйежайдың ресми өкілдері Боут арнайы АҚШ ұшағында Бангктоктан ұшып кетті деп хабарлады. Оның алдында Таиланд үкіметі Бутты АҚШ-қа жіберу туралы соттың келісімін мақұлдаған болатын.

АҚШ бұрынғы совет әуе күштерінің офицері Бутты 1990-шы жылдардан бері Африка, Оңтүстік Америка және Таяу Шығыстағы диктаторлар мен қақтығыс болып жатқан аймақтарға қару тасымалдады деп айыптайды.

Буттың ісі Мәскеу мен Вашингтон арасында дипломатиялық дау туғызды.