Британия бұрынғы Гуантанамо тұтқындарына өтемақы төлемек

Британиялық басылымдардың хабарлауынша, Лондон АҚШ-тың Гуантанамо абақтысында отырған бұрынғы тұтқындарға  миллиондаған фунт өтемақы төлемек. Би-Би-Си-дің мәліметіне қарағанда, премьер-министр Дэвид Кэмеронның кеңсесі осы туралы сейсенбі күні парламентке мәлімдеме жолдамақ. 

Пәкістан текті бірқатар британиялықтар Пәкістандағы абақтыда қорлық көргендерін айтқан болатын.