Мәскеу: Буттың экстрадициялануы заңсыз

Ресей Виктор Буттың Таиландтан АҚШ-қа экстрадициялануын заңсыз деп бағалап отыр.

Таиланд ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, ресейлік қару-жарақ сатушысы деп күдіктелген Виктор Бут Таиландтан АҚШ-қа экстрадицияланған. Оған лаңкестік айыптары тағылып отыр. АҚШ бұрынғы совет әуе күштерінің офицері Бутты 1990-шы жылдардан бері Африка, Оңтүстік Америка және Таяу Шығыстағы диктаторлар мен қақтығыс болып жатқан аймақтарға қару тасымалдады деп айыптайды.

Буттың ісі Мәскеу мен Вашингтон арасында дипломатиялық дау туғызды.