Барак Обама Азаттық медалін табыс етеді

АҚШ Президенті Барак Обама елдің ең беделді сыйлығы - Азаттық медалін 15 адамға табыс етеді.

Олардың арасында АҚШ-тың 41-ші экс президенті Джордж Буш, Германия канцлері Ангела Меркель мен виолоншы Йо Йо Ман бар.

Сыйлық АҚШ-тың мүддесі мен ұлттық қауіпсіздігіне және мәдениет саласына қосқан ерен еңбегі үшін жанын аямай қызмет еткен адамдарға беріледі.

Азаттық медалінің салтанатты тапсыру рәсімі келесі жылдың басында өтеді.