НАТО саммиті алдында Клинтон ауған министрімен кездесті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтонда Ауғанстан сыртқы істер министрі Залмай Рассулмен кездесіп, НАТО саммитіне қатысты мәселелерді талқылады.

Жұма күні Португалияның Лиссабон қаласында өтетін басқосуға Клинтон мен оның ауғандық әріптесі де қатысады деп хабарланып отыр. Саммит барысында Ауғанстаннан шетел күштерінің шығарылуы мен елдегі қауіпсіздікке қатысты жауапкершілікті ауған әскерилеріне тапсыру мәселесі талқыланады.

Қазір Ауғанстанда 140 мың шетел сарбазы бар, олардың 100 мыңға жуығы АҚШ жауынгерлері.