Ирландия бюджет жоспарын әзірлейді

Ирландия үкіметінің ресмилері жексенбі күні кездесіп, елдің бюджеттік дефицитін азайтуға бағытталған төртжылдық жоспарды әзірлейді. Ирландия премьер-министрі Брайан Коуеннің баспасөз хатшысы қарашаның 21-і күнгі кездесуді растады. Irish Times басылымының хабарлауынша, аталмыш жоспар сейсенбіде жарияланады.

Халықаралық валюта қоры мен Еуропа комиссиясының өкілдері Дублинде қарызға батқан Ирландияға несие беру мәселесін талқылап жатыр.