Ахмадинежад ирандық қыздар ертерек тұрмысқа шығу керек деді

Иран президенті Махмуд Ахаминежад елдегі бойжеткендер 16 жастан тұрмысқа шығу керек деді. Жексенбі күні мемлекеттік басылымға берген сұқбатында Иран президенті елдегі қыздардың 24-26 жаста тұрмысқа шығуы тым кеш деді.

Ахмадинежад Иран хлқының санын күрт өсіруді көздеп, Батысша отбасын құруды қабылдамай келеді. Бұл жоспарға сын айтушылар мұндай саясат елдегі қазіргі 9 пайыздық жұмыссыздар санын еселеп көбейтіп жібереді деп отыр.