Британия ханзадасы Уиллиям сәуірде үйленеді

Британия ханзадасы Уиллиям мен Кейт Миддлтонның некесі сәуірдің 29-ында Вестминстер шіркеуінде қиылатын болды. Өткен аптада олар үйленуге ниет білдірген болатын.

Дәстүр бойынша Британия патшалары мен патшайымдары Орталық Лондондағы осы мыңжылдық шіркеуде үйленеді. Тойды патша әулеті мен Миддлтондар қаржыландырады.