Жаңа Зеландия шахтасындағы жарылыстан 29 адам мерт болды

Жаңа Зеландия шахтасында жоғалып кеткен 29 кеншінің барлығы екінші жарылыстан кейін қаза болды. Сәрсенбі күні полиция кеншілерді табу мүмкін емес деп мәлімдеді. Премьер-министр Джон Кей шахтадағы жағдайды "ұлттық қайғылы оқиға" деп сипаттады.

Жаңа Зеландияның оңтүстік аралындағы шахтада жұма күні болған алғашқы жарылысқа не себеп болғандығы әзірше белгісіз. Жер астындағы улы газдың мөлшері көп болғандықтан құтқарушылар шахтаға түсе алмаған болатын.