Қарағандыда өрттен екі адам қаза болды

Қарағандыда жеке үйде болған өрттен екі адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланды.

Бейсенбі күні болған өрт 15 шаршы метрді шарпыған.

«Өрт орнында екі әйелдің денесі табылды, біреуінің мәйіті анықталды», - делінген хабарламада.