Астанада үкіметтік емес ұйымдардың форумы басталды

Бүгін Астанада үкіметтік емес ұйымдардың форумы басталды. Жиынға әлемнің бірқатар мемлекеттерінің үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып отыр, дейді телефон арқылы Азаттық тілшісі.

Алайда, ЕҚЫҰ-ның саммиті қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл жиынға қатысушылардың басым бөлігі қазақстандық азаматтық қоғам белсенділері.

Форумда елдегі адам құқығы мен заңдылықтың сақталуына қатысты жайттар талқыланады.