Пхеньян ядролық бағдарламаға ие екендігін ресми мәлімдеді

Солтүстіккореялық "Нодон Синмун" басылымы, уранды байыту зауытында "мыңдаған центрифуганың" жұмыс істеп тұрғандығын жазады. Мақалада сондай-ақ, бұл өндіріс бейбіт мақсатта жұмыс істейтіндігі атап көрсетілген.

Би-би-си-дің атап өтуінше, мақаладағы "ядролық энергетиканы бейбіт мақсатта дамыту жобалары одан әрі жалғасын табады" деген сөздер, Пхеньянның өзінде ядролық бағдарламаның бар екендігін ресми мойындағаны болып табылады.