Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңеюін қолдайды

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңеюін қолдайтынын мәлімдеді. Сейсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында Пан Ги Мун БҰҰ-на мүше елдер Қауіпсіздік кеңесін реформалау қажет деп ойлайды деді. Алайда БҰҰ басшысы Үндістан сияқты елдер кеңеске тұрақты мүше болуы керек пе жоқ па - оны нақты айтпады. 

Пан Ги Мун Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті алдында Азаттыққа сұхбат берген болатын.