Қарағанды: пойыз вагондары релістен шығып кетті

Қарағанды облысында Ағадыр-Сарышаған бағытымен жүретін жүк пойызының бес вагоны релістен шығып кетті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жарақаттанғандар мен қаза тапқандар жоқ.

Ақпаратқа қарағанда, пойыз вагондардың бүйір рамасының сынуы салдарынан релістен шығып кеткен.