Украина полициясы оппозицияның шеруін тоқтатты

Украина полициясы Киевте шатыр құрып, наразылық танытқан оппозицияның шеруін тоқтатты. Шерушілер үкіметтің бизнестерге қатысты салық деңгейін көбейту туралы жоспарына қарсылық білдіріп, осыдан үш апта бұрын наразылық шарасын бастаған болатын.

Сейсенбі күні Украина президенті Виктор Янукович салық туралы заң жобасына вето қойып, парламентке қайтарды. Осыдан кейін депутаттар жаңа салық кодексін мақұлдады.