Испанияда төтенше жағдай жарияланды

Испания үкіметі азаматтық авиация қызметкерлерінің наразылық акциясын тоқтату үшін ұлттық төтенше жағдай жариялады. Премьер-министрдің орынбасары Алфредо Перез Рубалкабаның айтуынша, енді авиадиспетчерлер жұмысына оралмаса, түрмеге жабылуы мүмкін.

Жұма күні көптеген авиадиспетчерлер жалақы мен жұмыстағы жағдайға байланысты дауға орай өтірік ауырып қалып, жұмысына келмеген болатын. Азаматтық авиация жұмысы тоқтап қалып, елдегі әуежайлар жабылған соң Испания әскерилері елдің әуе кеңістігін өз бақылауына алды.