Қытайда дала өртінен 22 адам қаза болды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы дала өртінен кем дегенде 22 адам қаза болып, тағы төрт адамды түрлі деңгейде күйік шалды.

Тілсіз жаумен барлығы екі мыңнан аса адам күресіп жатыр.

Жексенбі күні Дэу ауданында басталған өрт 50 гектарды шарпып үлгерді.