Қытайда шахта жарылысынан 26 адам қаза болды

Қытайдың Хэнань провинциясындағы шахтада болған жарылыстан кем дегенде 26 адам қаза болды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша жарылыс сәрсенбі күні таңертең болған. Сол сәтте жер астында 30-да аса кенші жұмыс істеп жатқан.

Техникалық қауіпсіздігінің нашарлығынан Қытай шахталары әлемдегі ең қауіпті болып табылады.