Ауған әскери базасының жанында шабуыл жасалды

Ауғанстанның солтүстігіндегі әскери базаның жанында бір жанкешті кісі көлігін жарып жіберді. Билік орындарының мәлімдеуінше, Кундуз өлкесінің Чар Дарах ауданындағы жарылыстан 5 ауған сарбазы мен 3 қарапайым адам жараланған.

Кундуз бен Баглан провинцияларында Талибан бүлікшілері белсенділік танытып келеді.