Өзбек босқындарын құтқару комитеті Қазақстан сотына хат жолдады

Қазақстаннан Өзбекстанға экстрадициялану қаупі төніп тұрған босқындарды құтқару комитетінің өкілдері Алматыдағы сотты өзбек босқындарына қатысты әділ шешім шығаруға шақырып отыр. Алматыдағы Алмалы аудандық сотының судьяларына жолдаған хатында аталмыш комитеттің өкілдері "біз Қазақстан сот жүйесі әділеттік, заңдылық, адамгершілік сияқты негізгі құндылықтарға негізделген деп сенеміз" деген.

Алматыда босқын мәртебесін сұрап жүрген бір топ Өзбекстан азаматтарының шағымдары қаралып жатыр. Әзірше ешқайсысының өтініштері қанағаттандырылған жоқ.