Назарбаев Қазақстанның 20 жылдан кейін дамыған ел болатынына сенімді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 20 жылдан кейін дамыған елдердің қатарына кіретініне сенімді. Сәрсенбі күні Астанада Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Назарбаев былай деп мәлімдеді:

"Әлемдік тәжірибеге сәйкес, дамыған мемлекетті құру үшін 40-50 жыл керек. Біз еліміздің өркендеуі бағытындағы жолдың жартысынан өттік".

Сонымен қатар, Назарбаев Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін мадақтады.