Қырғызстанда 3 партия коалиция құруға келісті

Қырғызстанда қазан айындағы парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен бес партияның үшеуі коалиция құруға келісті. 

Осы айдың басында Социал-демократиялық партия жетекшілігіндегі бұл әрекеттер сәтсіздікке ұшыраған соң президент Роза Отунбаева "Республика" партиясынан коалиция құруды сұраған болатын. Сәрсенбі күнгі хабарларға қарағанда, Социал-демократиялық партия мен "Ата-Жұрт" партиясы "Республика"  партиясына қосылып, коалиция құруға келіскен.