Мәскеудегі қырғыз азаматын жасөспірімдер өлтірген болуы мүмкін

Ресей тергеушілерінің айтуынша, Мәскеудегі қырғыз азаматының өліміне 3 жасөспірімнің қатысы бар болуы мүмкін. 14 жастағы бір күдікті ұсталды деп хабарланды.

Жексенбі күні Мәскеуде біреулер Қырғызстан азаматын пышақтап өлтіріп кеткен болатын. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.