Тыңшы болған молдовалық журналист 15 жылға қамалды

Молдова билік орындарының хабарлауынша, жікшілдік Днестр маңы аймағындағы сот Кишинев үшін тыңшылық жасады деп айыпталған журналисті 15 жылға түрмеге жапты. Молдова премьер-министрінің орынбасары Виктор Осиповтың айтуынша, сот үкімі желтоқсанның 16-да шыққан. 

Эрнест Варданеан сатқындық жасады деген айыппен сәуір айында Тирасполь қаласында қамауға алынған болатын. 

1990 жылдардың басында Молдовадан бөлініп шыққан Днестр маңы аймағын халықаралық қауымдастық мойындамаған.