Қырғызстанда премьер-министр сайланды

Қырғызстан парламентіндегі депутаттар Социал демократиялық партиясының жетекшісі Алмазбек Атамбаевты премьер-министр етіп сайлады. Оның алдында "Ата-Жұрт" партиясының басшысы Ахматбек Келдібеков парламент спикері етіп тағайындалған болатын.

Хабарларға қарағанда, қырғыз парламенті жаңа кабинетті сайлаған.  Президент Роза Отунбаева парламентте сөз сөйлеп, жаңа спикер мен премьер-министрге сәттілік тіледі. 

Қазанның 10-дағы парламенттік сайлаулардан бері елде үкімет құрылмаған еді.