Оңтүстік Корея Йонпхёндо тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіруде

Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Кореямен шекаралас аймақта орналасқан
Йонпхёндо аралының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіруді қолға алды.

Бұл, бүгін Солтүстік Кореяда басталатын әскери жаттығуларға байланысты. Оңтүстік Корея солтүстік көршісі өз территориясына оқ атуы мүмкін деп қауіптенеді.

Қауіпсіз аймаққа барлығы сегіз мың адам көшіріледі.