Оңтүстік Корея аралдағы жаттығуларын аяқтады

Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Кореямен шекаралас аймақтағы артиллериядан оқ ату жаттығуларын 90 минуттан кейін аяқтады.

Бұл Йонпхендо аралын қарашаның 23-і күні Солтүстік Корея атқылап, 4 адам қаза тапқан болатын. Содан бері аймақта жағдай ушығып тұр.

Жаттығулар қарсаңында Оңтүстік Корея билігі Солтүстік тағы оқ атуы мүмкін деп аймақтағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшуді бұйырған.

Оңтүстік сондай-ақ Солтүстік Кореяның қандайда бір шабуылына төтеп беретіндей әскери ұшақтарын дайындықта ұстап отырғанын айтқан. Солтүстік Корея Йонпхендо аралын өзінің территориясы деп санап, ол жерде жаттығулар өткізуге қарсылық танытқан.