Венесуэла билігі интернетті бақылауға алмақ

Венесуэла парламенті интернетте жарияланған ақпаратты реттеуге бағытталған заң жобасын мақұлдады. 

Құжатқа сәйкес, енді интернетте өшпенділікті, саяси және діни төзімсіздікті қоздыратын, сондай-ақ ел билігін құрметтемейтін ақпараттарды жариялауға  болмайды. Осы мазмұндағы кез-келген мақала немесе сурет үшін айыппұл салынады. 

Бұл заң жобасына қарсылық білдірген парламенттегі оппозиция өкілдері "аталған шаралар сөз бостандығына қауіп төндіреді" деген ойда.