Израиль авиациясы Газадағы нысандарды атқылады

Израиль авиациясы Газадағы бүлікшілердің бірнеше нысандарына әуеден оқ атты.

"Газа да Израильдің оңтүстігіне зымыран тастады" деген де ақпарат бар.

Газадағы дәрігерлердің хабарлауынша, Израильдің әуе соққысынан палестиналық үш азамат жарақат алған.