Швейцариялық фирма Ресейге 500 миллион доллар инвестицияламақ

Швейцарияның Novartis фармацевтикалық компаниясы алдағы бес жылда Ресейге 500 миллион доллар инвестиция құюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Жобаға сәйкес, Санкт-Петерборда дәрі-дәрмек шығаратын зауыт құрылмақшы және жергілікті компаниялармен зерттеу және даму бойынша әріптестік орнатылмақшы. Базель қаласындағы Novartis компаниясының айтуынша, зауыт құрылысы 2011 жылы басталады.