Қырғызстанда парламенттің бес вице-спикері сайланды

Бүгін Қырғызстанда депутаттар парламенттің бес вице-спикерін сайлады.

Ақпаратқа қарағанда, вице-спикерлер заң шығарушы органға кірген барлық партия өкілдерінен құралған.

Бұдан бұрын парламент фракциясына кіретін «Ата-Мекен» және «Ар-Намыс» партиялары өздерінің оппозицияға кететіндіктерін мәлімдеген еді.