Римде Швейцария елшілігіндегі жарылыстан бір адам жараланды

Италия сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Римдегі Швейцария елшілігінде бір пакет жарылған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыстан елшілік қызметкері ауыр жараланған. Бұл туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілмей отыр.

Сейсенбі күні Римде жер астындағы пойызда бомба табылған болатын. Алайда полиция "бомбаның детонаторы болмаған" дейді.