АҚШ-тың шығыс жағалауын қар басты

Америка Құрама Штаттарының шығыс жағалауында қатты боран соғып, қар жауды. Нью-Йорк қаласында қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетеді деген қауіп бар.

Бірнеше әуежайда әуе қатынасы тоқтап қалды.

Бұған дейін қалың қардың кесірінен Нью-Йорк пен Бостон арасындағы теміржол байланысы үзілген еді.