АҚШ елшісі Хоугландтың Қазақстандағы миссиясы аяқталды

АҚШ елшісі Ричард Хоугландтың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды.

Осыған байланысты елшіні бүгін Қазақстан парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Тоқаев АҚШ пен Қазақстан арасындағы байланыстың, оның ішінде білім саласындағы қарым-қатынастың жалғасуына мүдделі екендіктерін айтты.