Данияда террористер газет редакциясына шабуыл жасамақ болды

Данияда жергілікті "Юландс-Постен" газетінің редакциясына шабуыл жасамақ болған бір топ азамат ұсталды. "Юландс-Постен" - 2005 жылы Мұхаммет пайғамбарға жасалған карикатураны жариялаған басылым. 

Сәрсенбі, 29 желтоқсан күні Копенгаген маңында террористік қастандық жасамақ болды деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олардың пәтерлерін тінту барысында көптеген қару-жарақ табылған. 

Бұл іске қатысы бар тағы бір адам Швецияда ұсталды.

Ұсталғандардың ішінде Тунис, Ливан және Ирақ елдерінің азаматтары бар.