Батыс жағалауда палестиналық бір адам оққа ұшты

Израиль мен Палестина билігінің өкілдері Батыс жағалаудағы бақылау бекетінде бір палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады.

20 жастағы қарусыз палестиналыққа Наблустағы Израиль күштері оқ атқан.

Иерусалимнің солтүстігіндегі бақылау бекетінен өтпек болған палестиналықтың қазасына қатысты тергеу жұмыстары басталды.