Калифорнияның жаңа губернаторы қызметке кірісті

АҚШ-та Калифорния штатының жаңадан сайланған губернаторы Джерри Браун қызметіне кірісті.

72 жастағы демократ Джерри Браун бұған дейін 1970-1980 жылдары екі рет Калифорнияның губернаторы болып сайланған.

Кешегі күнге дейін дейін осы штатты 63 жастағы, тегі аустриялық киножұлдыз Арнольд Шварценеггер басқарған болатын.