Тунисте жаппай тәртіпсіздіктен 14 адам қаза болған

Өткен демалыс күндері Тунисте наразылық танытушылар мен полиция арасында болған қақтығыста 14 адам қаза болғанын елдегі ресми орындар растады. Кәсіподақтар қаза болғандар саны бұдан да көп екенін айтады.

Полиция таспен және өртенгіш қоспамен атқылағандарға қарсы қорғану мақсатында оқ атқандарын мәлімдеді.

Көшеде сатып тұрған көкөнісін полицияның тәркілеп алғанына наразылық ретінде желтоқсанның 17-і күні бір жас жігіттің өзін-өзі өртеуінің соңы жаппай әлеуметтік наразылыққа ұласты.

23 жыл бойы президент Зин Абидин Бен Али басқарып отырған Тунисте тұрғындар, әсіресе жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары.